
Ылғалды жөтел және қақырық: қақырықты қалай жеңіл шығаруға болады және нені істеуге болмайды
Ылғалды жөтел — тыныс алу жолдарының шырыштан және қабыну өнімдерінен тазалануы үшін қажет қорғаныш механизмі. Көбінесе ол вирустық инфекциялар, бронхит және ЖРВИ-ден кейінгі қалпына келу кезеңінде байқалады.
Түзілетін қақырықтың құрамында шырыш, эпителий жасушалары және қабыну өнімдері болады. Оны шығару қажет, себебі бұл бронхтардағы бактериялық жүктемені азайтып, олардың өткізгіштігін қалпына келтіреді. Бұл жөтел қорғаныш қызметіне қарай пайдалы және оны сол үшін де өнімді жөтел деп те атайды, бірақ оны елемеуге болмайды, өйткені асқынулар дамуы мүмкін.
Тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында өсімдік тектес дәрілер де қолданылады. Мысалы, жебіршөп мен шырмауық сығындыларына негізделген Бронхипрет® шәрбаты. Жебіршөп қабынуға қарсы және бронхтарды кеңейтетін әсер береді, түйілуді азайтып, тыныс алуды жеңілдетеді. Ал шырмауық қақырықты сұйылтып, оның шығарылуын жеңілдетеді.
Неліктен ылғалды жөтел пайда болады
Себептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ механизмі бірдей — шырышты қабық инфекцияға немесе тітіркендіргішке жауап ретінде көбірек шырыш бөледі. Негізгі себептері:
- жедел бронхит;
- созылмалы бронхиттің өршуі;
- темекі түтіні мен ластанған ауа;
- ЖРВИ және тұмау;
- вирустық инфекциядан кейінгі қалпына келу кезеңі;
- пневмония;
- фарингит, ларингит, трахеит және басқа аурулар.
Сирек жағдайда ол жүрек-қан тамыр ауруларының немесе ауыр аурулардың белгісі болуы мүмкін, мысалы туберкулез немесе онкология.
Көбінесе ылғалды жөтел күз-қыс мезгілінде кездеседі және барлық жастағы адамдарда болады. Ересектердегі ылғалды жөтел ол кеуде тұсында ауырлық сезімімен және таңертең жиі жөтелумен қатар жүреді. Егер қақырық қиын шықса, бұл жайсыздық күні бойы сақталады.
Бағалау және диагностика
Дәрігер қақырықты қалай шығару керектігін және қандай препарат тағайындау керек екенін анықтау үшін бірнеше көрсеткішті бағалайды:
- Қарқындылығы. Жеңіл, сирек, ұстамалы немесе күшті жөтел.
- Ұзақтығы. Жедел — 3 аптаға дейін, ұзаққа созылған — 2 айға дейін, созылмалы — 2 айдан астам.
- Қақырықтың сипаты. Мөлдір шырышты, сары немесе жасыл іріңді жағымсыз иіспен, тұтқыр шыны тәрізді немесе қан аралас болуы мүмкін.
Кейде пульмонолог, отоларинголог, фтизиатр, кардиолог сияқты мамандардың кеңесі қажет болады. Жеке жағдайларда қосымша зерттеулер — бронхография, фарингоскопия, ларингоскопия жасалуы мүмкін. Сонымен қатар жағынды, қан анализі, иммунограмма, рентген немесе КТ — секілді барлық тексерулерді тек дәрігер тағайындауы тиіс. Өз бетінше бәрін бірден жасау қажет емес.

Қақырықты қалай жеңіл шығаруға болады
Қақырықты кетіріп, жағдайды жақсарту үшін бірнеше стандартты ұсыныстар бар. Бұл сөзсіз қауіпсіз шаралар:
- Шырыштың тұтқырлығын азайту үшін, және шырышты қабықтың қалыпты жұмысын сақтау үшін көп сұйықтық ішу.
- Бөлмедегі ауаны ылғалдандыру, әсіресе жылыту маусымында.
- Температура және қарсы көрсеткіштер болмаса, жеңіл физикалық белсенділікпен айналысу, себебі қозғалыс өкпенің желдетілуін жақсартады.
- Темекі мен алкогольден бас тарту, хош иістендіргіштер секілді басқа сыртқы тітіркендіргіштерді жою.
- Терең тыныс алу мен жақсы қақырық шығару үшін тыныс алу жаттығуларын жасау.
Ылғалды жөтелді қатты басуға болмайды, себебі қақырық жиналып қалады және бронхтар тазаланбайды. Егер қақырық қою болса және шықпаса, дәрігер оны сұйылтатын және шығаруды жеңілдететін препараттар тағайындайды. Препарат жеке таңдалады — жасына, қатар жүретін ауруларына, белгілердің ұзақтығына және аурудың ағымына байланысты.
Алдын алу
Ең жақсы алдын алу — тыныс алу жолдарының инфекциялары мен қабыну қаупін азайту. Ол үшін иммундық жүйенің қалыпты жұмысын қолдап, қоздырғыштармен байланысты азайту қажет.
Негізгі алдын алу шаралары:
- таза ауада тұрақты серуендеу және жеткілікті физикалық белсенділік;
- ақуызға, дәрумендерге және микроэлементтерге бай дұрыс тамақтану;
- тұрақты ұйқы режимі;
- тоңып қалудан және температураның күрт өзгеруінен сақтану;
- ауру адамдармен байланысты шектеу;
- қол гигиенасын сақтау;
- уақытылы вакцинация алу.

Нені істеуге болмайды
Жазылуды баяулатып, асқыну қаупін арттыратын жиі кездесетін қателіктер:
- Жөтелдің себебін анықтамай, дәрілерді өз бетінше қабылдау.
- Жөтелді басатын дәрілер мен қақырық шығарушы препараттарды бірге қолдану, бұл қақырықтың жиналып қалуына әкелуі мүмкін.
- Егер жөтел бірнеше аптадан ұзақ сақталса, белгілерді елемеу.
- Жағдай нашарласа немесе ентігу пайда болса, тексерілуден бас тарту.
Қақырық түсіретін дәрілерді тек шынымен артық шырыш болған жағдайда ғана қолдану керек. Егер себебіне күмәндансаңыз немесе жақсару байқалмаса, дәрігерге жүгініңіз.
Қолданылған әдебиет тізімі:
