Бронхипрет логотип

Бронхипрет® ішуге арналған ерітіндіcі нұсқаулығы

Белсенді компоненттер: жебіршөп шөбінің экстрактісі, кәдімгі шырмауық жапырақтарының экстрактісі

Препаратты қабылдар алдында қосымша парақты толық оқып шығыңыз, өйткені онда Сіз үшін маңызды мәліметтер бар.

  • Препаратты әрқашан осы қосымша парақта көрсетілгендей немесе емдеуші дәрігер ұсынғандай етіп дәл қабылдаңыз.
  • Қайта оқып шығу қажет болуы мүмкін болғандықтан, қосымша парақты сақтап қойыңыз.
  • Егер Сізге қосымша мәліметтер немесе ұсынымдар қажет болса, дәріхана қызметкеріне жүгініңіз.
  • Егер Сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болса, емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне жүгініңіз. Осы ұсыным кез келген болуы мүмкін жағымсыз реакцияларға, соның ішінде осы қосымша парақтың 4 бөлімінде көрсетілмегендерге де қатысты болады.
  • Егер жай-күйіңіз 7 күннен кейін жақсармаса немесе нашарлай беретін болса, дәрігерге жүгінуіңіз керек.

1. Бронхипрет® қандай препарат және ол не үшін қолданылады

Бронхипрет® белсенді компоненттері жебіршөп шөбінің экстрактісі және кәдімгі шырмауық жапырақтарының экстрактісі болатын өсімдік тектес қақырық түсіретін дәрі болып табылады.

Ол жөтел кезінде қақырықтың бөлінуі мен шығарылуын жеңілдететін тыныс жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттарға жатады.
Клиникаға дейінгі деректер Бронхипрет® препаратының қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, секретолитикалық, бронхолитикалық, спазмолитикалық, вирусқа қарсы және бактерияға қарсы қасиеттерін анықтады.

Қолданылуы
Бронхипрет® препараты ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерге жөтелмен және тұтқыр қақырықтың түзілуімен бірге жүретін бронхтың жедел қабыну ауруларын және тыныс жолдарының басқа да жедел қабыну ауруларын емдеу кезінде қолданылады.
Егер жақсару емделудің 7-ші күнінен кейін байқалмаса немесе жағдай нашарлай беретін болса, дәрігерге жүгініңіз.

2. Бронхипрет® препаратын қолданар алдында не туралы білу керек

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Бронхипрет® препаратын қабылдамаңыз:

  • егер Сізде шырмауыққа, жебіршөпке немесе Lamiaceae (тауқалақайға) және Araliaceae (аралий) тұқымдас басқа өсімдіктерге немесе қосымша парақтың 6 бөлімінде көрсетілген дәрілік препараттың кез-келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық болса

Арнайы нұсқаулар мен сақтық шаралары
Бронхипрет® препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Егер ауру симптомдары 7 күннен астам уақытқа сақталатын болса немесе тыныстың тарылуы, температураның жоғарылауы секілді симптомдар туындаса немесе қақырықта іріңнің және/немесе қанның пайда болуы байқалса, дереу дәрігермен кеңесіңіз.
Гастриті немесе асқазанның ойық жарасы бар пациенттерге қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Бронхипрет® препараты құрамында «Нан Бірліктеріне» (НБ) шаққанда сіңірілетін көмірсу мөлшері болмашы болғандықтан, оны қант диабетімен ауыратын науқастарға тағайындауға болады.
Ұзақ сақтау кезінде бұлыңғырлануы мүмкін немесе Бронхипрет® препаратының тиімділігіне әсер етпейтін шөгінді пайда болуы мүмкін.

Балалар мен жасөспірімдер
Препаратты 0 мен 12 жас аралығындағы балаларға бермеңіз, өйткені осы жас тобында Бронхипрет® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Басқа препараттар мен Бронхипрет® препараты
Егер сіз қандай да бір басқа препараттарды қабылдап жүрген болсаңыз, жақында қабылдаған болсаңыз немесе алдағы уақытта қабылдауыңыз мүмкін болса, ол туралы емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз. Бронхипрет® жөтелге қарсы препараттармен, сондай-ақ қақырық түзілуін азайтатын препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені бұл сұйылған қақырықтың шығуын қиындатады.
Бактерияға қарсы препараттармен бірге қолдануға болады және орынды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген.
Басқа препараттарды қабылдау жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін болғандықтан, дәрігер Сіз қабылдайтын дәрілерді, соның ішінде рецептісіз сатылатын дәрілерді, сондай-ақ, дәрумендер, өсімдік тектес дәрілер немесе биологиялық белсенді қоспалар туралы білуі маңызды.

Жүктілік, емізу, фертильділік
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрген болсаңыз, жүкті болуым мүмкін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарлап жүрген болсаңыз, препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Жүкті және бала емізетін әйелдерге қатысты Бронхипрет® препаратын қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Құрамында алкогольдың болғандықтан, Бронхипрет® препаратын қабылдамаңыз (төменде қараңыз). Бронхипрет® препаратының фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.

Көлік құралын басқару және механизмдермен жұмыс істеу
Препараттың автомобильді басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бронхипрет® препараты құрамында этанол (алкоголь) бар
Бронхипрет® препараты құрамында 13 мл сыраға немесе 5 мл шарапқа баламалы, яғни 2,6 мл-ге 0,5 г дейінгі (бір реттік доза), 22-ден 26-ға дейін % көлеміндегі этанол (алкоголь) бар. Құрамында алкогольдың болуына байланысты препаратты алкоголизммен ауыратын пациенттерге, сондай-ақ алкогольге тәуелділікті емдегеннен кейін қабылдауға болмайды. Препаратта алкогольдің болуын жүкті немесе бала емізетін әйелдерге, балаларға және бауыр ауруы немесе эпилепсиясы бар пациенттер секілді жоғары қауіп тобындағыларға қатысты ескеру керек.

3. Бронхипрет® препаратын қабылдау

Препаратты әрқашан осы қосымша парақта көрсетілгендей немесе емдеуші дәрігер немесе дәріхана қызметкері ұсынғандай етіп толық сәйкестікте қабылдаңыз. Күмән пайда болғанда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.

Ұсынылатын доза
12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер, ересектер - 2,6 мл күніне 3 рет (таңертең, түсте және кешке)

Енгізу жолы және (немесе) тәсілі
Бронхипрет® препаратын ішке қабылдайды. Препаратты қолданар алдында құтыны шайқау керек! Қажетті дозаны қоса берілетін кішкентай өлшеуіш стақан арқылы өлшеу қажет. Препаратты дозалау кезінде құтыны тік ұстаңыз. Қажет болған кезде препаратты аз мөлшердегі сумен (мысалы, 1 стақан) қабылдауға болады.

Емнің ұзақтығы
Қабылдау ұзақтығы аурудың ағымына байланысты болады және ол дәрігердің тағайындауы бойынша ұзартылуы мүмкін.

Егер сіз Бронхипрет® препаратын қажет мөлшерден көп қабылдаған болсаңыз
Ауыр артық дозаланғанда асқазанның бұзылуы, мысалы, құсу және диарея пайда болуы мүмкін. Артық дозалану жағдайында препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек. Артық дозалану кезіндегі ем – симптоматикалық.

Егер сіз Бронхипрет® препаратын қабылдауды ұмытқан болсаңыз
Егер Сіз препараттың кезекті қабылдауын жіберіп алған болсаңыз, келесі дозаны екі есе етіп қабылдамаңыз, келесі қабылдауды қосымша парақта сипатталғандай немесе емдеуші дәрігеріңіз тағайындағандай етіп, жалғастырыңыз.
Егер сізде препаратты қолдануға қатысты сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

4. Болуы мүмкін жағымсыз реакциялар

Барлық дәрілік препараттар секілді, осы препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, алайда олар бәрінде бірдей бола бермейді.

Егер сізде аса жоғары сезімталдық / аллергиялық реакция симптомдары (мысалы, ентігу, тері бөртпесі, есекжем, беттің, ауыздың және/немесе жұтқыншақтың ісінуі) байқалатын болса, препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге жүгініңіз. Емдеуші дәрігеріңіз аса мұқият бақылаудың, ауруханаға жатқызудың немесе терапияны өзгертудің қажеттігі туралы шешімді қабылдауы мүмкін.

Басқа болуы мүмкін жағымсыз реакциялар

Жиі емес (1000 адамның көп дегенде 1 –де байқалуы мүмкін):

  • асқазан-ішек жолының түйілуін, мысалы, жүрек айну, құсу, диарея қоса, асқазан-ішек жолының бұзылыстары

Жоғарыда сипатталған немесе басқа жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек.

Жағымсыз реакциялар туралы хабарлау

Егер Сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болса, дәрігер немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз. Оларға сондай-ақ, қосымша парақта көрсетілмеген кез келген жағымсыз реакциялар кіреді. Сіз, сондай-ақ, жағымсыз реакциялар туралы тікелей хабарлай аласыз (төмендегіні қараңыз).

Жағымсыз реакциялар жайында хабарлау арқылы Сіз осы препараттың қауіпсіздігі туралы қосымша ақпарат алуға көмектесесіз.

Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Мекенжайы: 010000, Астана қ., А. Иманов көш., 13
Тел.: +7 7172 235 135
Эл. пошта: pdlc@dari.kz | http://www.ndda.kz

Беларусь Республикасы
«Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалар мен сынақтар орталығы» УК
Мекенжайы: 220037, Минск қ, Товарищеский тұйық көш., 2а
Тел.: + 375 17 242 00 29
Эл. пошта: rcpl@rceth.by |http://www.rceth.by

5. Бронхипрет® препаратын сақтау

Препаратты бала көрмейтін, баланың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз, Препаратты картон қорапшада немесе құты заттаңбасында «______дейін жарамды» деген сөздерден кейін көрсетілген жарамдылық мерзімі (сақтау мерзімі) өткеннен кейін қолданбаңыз. Жарамдылық мерзімі берілген айдың соңғы күні болады. Құтыны ашқаннан кейін препаратты 6 айға дейін қолдануға болады.

Жарықтан қорғау үшін препаратты түпнұсқалық қаптамасында (құты, картон қорапша) сақтау керек. Бұл дәрілік препарат үшін арнайы температуралық сақтау шарттары қажет емес.

Препаратты кәріз жүйесіне немесе тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Дәріхана қызметкерінен бұдан әрі қажет болмайтын дәріні қалай утилизациялауға (жоюға) болатынын анықтап біліңіз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі.

6. Қаптаманың ішіндегілер және басқа да ақпараттар

Бронхипрет® препараты құрамында:

Препараттың белсенді компоненттері жебіршөп шөптерінің экстрактісі және кәдімгі шырмауық жапырақтарының экстрактісі болып табылады.
1 мл (1 г-ге сәйкес келеді) препараттың құрамында:
500 мг жебіршөп шөптерінің (Thymi herba) сұйық экстрактісі (1:(2-2,5)), экстрагент: аммиак ерітіндісі 10 % (м/м) - глицерин 85 % - этанол 90 % (к/к) - 1:20:70:109 арақатынаста тазартылған су;
30 мг кәдімгі шырмауық жапырақтарының (Hederae helicis folia) сұйық экстрактісі (1:1), экстрагент: этанол 70 % (к/к).

Басқа ингредиенттер (қосымша заттар): этанол 96% (к/к), тазартылған су, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, гидроксипропилбетадекс.
Этанол мөлшері: 22 – 26 % (к/к).

Бронхипрет® препаратының сыртқы түрі және қаптаманың ішіндегі заттар
Ішуге арналған ерітінді.
Мөлдір немесе сәл бұлыңғыр қоңыр түсті жебіршөп хош иісі бар сұйықтық. Сақтау кезінде бұлынғырлануы немесе шөгінді пайда болуы мүмкін.
50 мл немесе 100 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған құюға арналған құрылғысы және алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы қақпағы шыныдан жасалған құтыларда. Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. Бір құты өлшеуіш стақанмен және қосымша парақпен бірге картон қорапшаға салынады. Қаптаманың барлық өлшемдері еркін сатылымда болмауы мүмкін.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы және өндіруші
Бионорика СЕ
Кершенштайнерштрассе 11-15, 92318 Ноймаркт-ин-дер-Оберпфальц, Германия /
Kerschensteinerstrasse 11-15, 92318 Neumarkt in der Oberpfalz, Germany

Препарат туралы кез-келген ақпарат алу үшін, сондай-ақ шағымдар туындаған жағдайда тіркеу куәлігі ұстаушысының жергілікті өкіліне хабарласу керек:

Қазақстан Республикасында:
«Бионорика КАЗ» ЖШC
050060 Алматы қ., Жароков көш., 331
Тел: +7 727 250-93-99
Эл. пошта: info@bionorica.kz
Беларусь Республикасында:
«Бионорика СЕ» Еуропалық акционерлік қоғамның өкілдігі
220030, Минск қ., Независимость даңғ. 32А, 25 орынжай
Тел: +375 17 388 75 27, +375 17 388 75
Эл. пошта: office@bionorica.by

Қосымша парақ қайта қаралды

Басқа ақпарат көздері
Бұл препарат туралы толық мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың веб-сайтында берілген http://eec.eaeunion.org/.