Білу қажет!
Жөтел — әртүрлі аурулардан туындайтын симптом
Өзінің сипаты бойынша ол екі түрге бөлінеді:
Сонымен қатар, құрғақ та, ылғалды жөтел де ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Мысалы, ұзаққа созылған құрғақ ауырсыну тудыратын жөтел, әсіресе егде жастағы адамдарда, эмфизема сияқты асқынуларға әкелуі мүмкін.
Ал ылғалды жөтел бронхтарда қақырықтың тоқырауына әкелуі мүмкін.
"Мен видео барысында айтқанымдай, жөтел мәселесі кез келген адамға – жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан – әсер етуі мүмкін және өмір сапасына сөзсіз ықпал етеді," – дейді Сауле Сергазиевна.
«Көпқырлы жөтел»
Не істеу керек? Қалай көмектесуге болады?
Жалпы кеңестер:


Неліктен өсімдік негізіндегі препараттар?
Фитотерапия адам өмірінде әрдайым болған, көптеген өсімдіктердің әсер ету механизмі жақсы зерттелген, және олардың емдік қасиеттері жөтел терапиясында да өзекті.
Мысалы, айұрық сығындысы – ылғалды жөтел кезінде қақырықты сұйылтып, оның шығуын жеңілдетеді, ал құрғақ жөтел кезінде оның жиілігін азайтады.Жебіршөп сығындысы – вирусқа қарсы әсерге ие, және осындай комбинация дәрілік терапияны таңдауда тамаша шешім болып табылады.
Қиын емес, солай ма? Сізге мықты денсаулық және жақындарыңызбен әрқашан сапалы уақыт өткізуді тілеймін!
Өз бетімен емделумен айналыспаңыз және келесі алаңдатарлық белгілер пайда болған жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз:
- кенеттен басталған ұстамалы қатты жөтел,
- бала тұншығып жатса,
- ентігу пайда болса,
- жөтел кезінде беті көгерсе,
- қақырықта қан болса!
Қолдауымен дайындалған

м.ғ.д., профессор, педиатр-дәрігер