
FAQ (Жиі қойылатын сұрақтарға жауап)
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Тыныс алу жолдарында қою қақырық түзілетін қақырықты жөтел кезінде. Бронхипрет® бронхит, трахеит және трахеобронхит сияқты ауруларда қолданылады.
Тыныс алу жолдарында қою қақырық түзілетін қақырықты жөтел кезінде. Бронхипрет® бронхит, трахеит және трахеобронхит сияқты ауруларда қолданылады.
Шәрбат 2 жастан бастап балаларға арналған жөтелге қарсы дәрі ретінде қолданылады, ал ерітіндіні 12 жастан бастап қабылдауға болады.
Препарат бронхит, трахеит және трахеобронхит сияқты тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылады1,2.
Симптомдар жөтел мен қақырықтың болуын қамтиды.
Доза дәрілік түріне және науқастың жасына байланысты. Қосымша мәліметтерді мына сілтемелер арқылы алыңыз: шәрбат пен таблеткаларға арналған нұсқаулықтар
Қолдануды бастамас бұрын дәрігермен кеңесу ұсынылады, әсіресе симптомдар қатарында қызба немесе ентігу болатын болса.
Қазіргі уақытта басқа препараттармен өзара әрекеттесуі белгісіз. Бактерияға қарсы препараттармен біріктіріліп қолдану мүмкін1,2. Бірге қолдану мәселесін дәрігермен талқылау ұсынылады.
Препарат кешенді әсер етеді: қақырықты сұйылтуға және оның шығарылуын жеңілдетуге ықпал етеді.
Бронхипрет® жөтелмен және қақырық бөлінуімен (трахеит, трахеобронхит, бронхит) жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады.1,2.
Ересектер мен балаларға арналған қақырық түсіретін дәрі ылғалды жөтел кезінде қолданылады. Алайда қабынуға қарсы және жөтелге қарсы әсерінің арқасында Бронхипрет® құрғақ жөтелді де жеңілдетуі мүмкін, бірақ дәрігермен кеңескен дұрыс.
Бронхипрет® пневмонияның негізгі емі болып табылмайды. Тек дәрігердің тағайындауы бойынша кешенді ем құрамында қолданылады, бірақ негізгі ем ретінде пайдаланылмайды.
Жебіршөп пен шырмауық немесе жебіршөп пен наурызгүл сығындыларының үйлесімі секретолитикалық және қақырық түсіретін әсер көрсетіп, қақырықты сұйылтуға және шығаруға ықпал етеді.1,2.
Бронхипрет® ерітіндісі — жедел бронхитті және қою қақырықтың түзілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының басқа да қабыну ауруларын емдеуге арналған өсімдік тектес дәрілік препарат. Препарат құрамына жебіршөп пен шырмауықтың сығындылары кіреді.
Препарат құрамындағы өсімдік компоненттері секретолитикалық және спазмолитикалық қасиеттерге ие. Бұл қақырықты сұйылтып, оның шығарылуын жеңілдететін дәрілік құрал.
Препарат бронхитте және тыныс алу жолдарының басқа да қабыну ауруларында, ылғалды жөтелмен қатар жүретін жағдайларда қолданылады. Соның ішінде трахеит пен трахеобронхит кезінде де қолданылады.
Бронхипрет® ерітіндісі балалар (12 жастан бастап) мен ересектерге арналған. Ұсынылатын дозасы мен қабылдау жиілігі нұсқаулықта көрсетілген.
Ересектерге және 12 жастан бастап жасөспірімдерге күніне 3 рет 2,6 мл ерітінді қабылдау ұсынылады. Қажет болған жағдайда препаратты аз мөлшердегі сұйықтықпен қабылдауға болады. Қолданар алдында құтыны жақсылап шайқау керек.
Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты. Әдетте емдеу курсы 7 күнді құрайды. Егер белгілер ұзақ уақыт сақталса немесе күшейсе, дәрігерге қаралу қажет.
Иә. Бронхипрет® ерітіндісі — бронхитті, сондай-ақ ылғалды жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының басқа да қабыну ауруларын емдеуге арналған дәрілік препарат.
Иә, Бронхипрет® жөтел кезінде дәрігердің тағайындауы бойынша бактерияға қарсы препараттармен бірге кешенді ем құрамында қақырықты сұйылтатын дәрілік құрал ретінде қолданылуы мүмкін.
Сирек жағдайларда асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар болуы мүмкін, оның ішінде: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея. Сондай-ақ препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдығы бар емделушілерде аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.
Егер сізге Бронхипрет® ерітіндісі қажет болса, оны офлайн- немесе онлайн- дәріханалардан сатып алуға болады. Кейбір адамдар Бронхипрет® тамшылары деп іздейді, алайда препарат ішке қабылдауға арналған ерітінді түрінде шығарылады. Оны нұсқаулыққа сәйкес дәл мөлшерлеп қабылдау ыңғайлы.
Бронхитке қарсы Бронхипрет® препараты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылмайды.
Бронхипрет® үш шығарылым түрінде шығарылады: шәрбат, ішке қабылдауға арналған ерітінді және қабықпен қапталған таблеткалар (Бронхипрет® ТП). Дозасы, қолдану тәсілі және нұсқаулығымен танысу үшін сайттан өзіңізге қолайлы түрін таңдай аласыз.
Препараттың ресми нұсқаулығы біздің сайттағы арнайы «Нұсқаулықтар» бөлімінде, сондай-ақ Бронхипрет® препаратының әрбір дәрілік түріне арналған беттерде қолжетімді
Жас шектеуі дәрілік түріне байланысты: шәрбат 2 жастан бастап балаларға қолдануға рұқсат етілген; ішке қабылдауға арналған ерітінді мен Бронхипрет® ТП таблеткалары 12 жастан бастап жасөспірімдер мен ересектерге арналған.
Фитониринг — бұл Bionorica компаниясының ғылыми тұжырымдамасы, ол дәрілік өсімдіктерді терең зерттеуді заманауи өндірістік технологиялармен біріктіреді. Бұл өсімдік тектес дәрілік препараттардың тұрақты жоғары сапасын, белсенді заттардың дәл мөлшерін және дәлелденген тиімділігін қамтамасыз етеді.
Егер жөтел ұзақ уақыт басылмаса, күшейсе, жоғары дене қызуымен, тыныс алудың қиындауымен, кеуде қуысының ауырсынуымен, іріңді қақырықпен, қан аралас қақырықпен немесе жалпы жағдайдың айқын нашарлауымен қатар жүрсе, дәрігерге қаралу қажет. Мұндай жағдайда жөтелге қарсы дәріні өз бетінше таңдамаған дұрыс.
Бұл — қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылатын өсімдік тектес дәрілік препарат. Ол жөтелмен және қақырықтың түзілуімен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы қабыну ауруларын (бронхит, трахеит, трахеобронхит) емдеуде қолданылады.
Бронхипрет® шәрбатын 2 жастан бастап балаларға қолдануға рұқсат етілген. Дозасы нұсқаулықтағы кестеге сәйкес баланың жасына қарай есептеледі.
Иә, бұл препараттың негізгі көрсетілімі. Оның құрамындағы компоненттер қою әрі тұтқыр қақырықты сұйылтып, тыныс алу жолдарының одан тезірек тазаруына көмектеседі.
Иә, ылғалды жөтел кезінде Бронхипрет® шәрбаты жөтелдің өнімді болуына көмектесіп, төменгі тыныс алу жолдарында жиналған қақырықтың шығуын жеделдетеді.
Иә, шәрбат жедел және созылмалы бронхитті емдеу кезінде қабынуға қарсы және қақырық түсіретін тиімді дәрі ретінде көрсетілген.
Бронхипрет® шәрбаты қақырық бөлінетін жөтел кезінде қолданылады. Препарат қақырық түсіретін дәрілер тобына жатады және тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында, соның ішінде трахеит, трахеобронхит және бронхит кезінде қолданылады.
Бронхипрет® шәрбатын 2 жастан бастап балаларға қолдануға болады. 2 жасқа дейінгі балаларға тыныс алу белгілерінің нашарлау қаупіне байланысты препаратты қолдануға болмайды.
Шәрбатты күніне 3 рет: таңертең, түсте және кешке ішке қабылдайды. Дозасы қаптамамен бірге берілетін өлшеуіш стақанның көмегімен өлшенеді, ал шәрбаттың мөлшері науқастың жасына байланысты анықталады.
Емдеу курсы әдетте 7–14 күнді құрайды. Қабылдау ұзақтығы аурудың ағымына және науқастың жағдайына байланысты анықталады.
Иә, қажет болған жағдайда шәрбатты аз мөлшердегі сұйықтықпен, мысалы, бір стақан сумен ішуге болады.
Бронхипрет® шәрбатын жөтелді басатын дәрілермен және қақырықтың түзілуін азайтатын препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Мұндай біріктірілім сұйылған қақырықты шығаруды қиындатуы мүмкін. Ал бактерияға қарсы препараттармен бірге қолдануға болады.
Әдебиеттер тізімі
1 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» Республикалық Мемлекеттік Мекемесі Төрағасының Бұйрығымен Бекітілген Бронхипрет® ТП дәрілік препаратының жалпы сипаттамасы http://register.ndda.kz/category/search_prep
2 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» Республикалық Мемлекеттік Мекемесі Төрағасының Бұйрығымен Бекітілген Бронхипрет® шәрбат дәрілік препаратының жалпы сипаттамасы http://register.ndda.kz/category/search_prep
3 О. Марциан, Обсервациялық зерттеу, Ганновер қ, Германия, 2006г



