Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: жебіршөп шөбі құрғақ экстрактісі - 160,00 мг, наурызгүл тамыры құрғақ экстрактісі - 60,00 мг.
Қолданылуы: Тыныс алу жолдарының жөтел, қақырық түзілуімен (трахеит, трахеобронхит, бронхит) қатар жүретін жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуде қақырық түсіретін дәрі ретінде.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар: Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: күніне 3 рет 1 таблеткадан (шайнамай, тамақтану алдында жұтқан жөн және сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдау керек)
Жағымсыз әсерлер: Аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде ентігу, тері бөртпесі, секжем, беттің, ауыздың және/немесе тамақтың ісінуі; түйілулер, жүрек айнуы, құсу, диарея сияқты асқазан-ішек бұзылыстары.
Қолдануға болмайтын жағдайлар: Препарат компоненттерінің кез келгеніне (наурызгүлге, жебіршөпке немесе Lamiaceae ерінгүлділер тұқымдасының басқа да өсімдіктеріне) аса жоғары сезімталдылықтың жоғарылауы; 12 жасқа дейінгі балалар.
Педиатрияда қолдану: 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде: Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың қауіпсіздігіне қатысты клиникалық деректер жоқ болғандықтан, Бронхипрет® ТП препаратын жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары: Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер: Бионорика СЕ, Кершенштайнерштрассе 11-15, 92318 Ноймаркт, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта) «Бионорика КАЗ» ЖШС, 050060 Алматы қ., Жароков көш. 331, тел: 250-93-99, e-mail: info@bionorica.kz
ТІРКЕУ КУƏЛІГІ: ҚР-ДЗ-5№009381 06.09.2017 ж., қолданылу мерзімі шектеусіз.
ТАҒАЙЫНДАР ЖƏНЕ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗ БЕТІМЕН ЕМДЕЛУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН БОЛУЫ МҮМКІН.