Бронхипрет® препараты туралы

Бронхипрет® препараты дәрілік пішінге байланысты (шәрбат, таблеткалар) келесі белсенді ингредиенттерді қамтиды.

  • Қазіргі уақытта жебіршөп негізінен суық тиюді емдеу үшін қолданылады, мысалы, Бронхипрет® өсімдік тектес препаратының құрамдас бөлігі ретінде. Бронхипрет® препаратының өсімдік сығындыларының біріктірілген әсері қабынуды басады, қақырықтың тұтқырлығын төмендетуге көмектеседі және оны шығаруды жеңілдететін бронхты кеңітетін әсерге ие, сонымен қатар патогендік микроағзаларға қарсы әрекет етеді.

  • Қазіргі кездк айұрық негізінен көкжөтел мен бронхитті емдеу үшін қолданылады. Айұрық жапырағының өңделген және дәл дозаланған сығындысы жебіршөп (тимьян) сығындысымен үйлесімде Бронхипрет® препаратының емдік әсерін қамтамасыз етеді: секретолитикалық, қабынуға қарсы, бронхоспазмолитикалық және бактерияға қарсы.

  • Наурызгүл тамырының сығындылары секретолитикалық және бронходилатациялық әсерлері, сондай-ақ қабынуға қарсы және микробқа қарсы қасиеттері арқасында жөтелге және бронхитке қарсы Бронхипрет® препаратының тиімділігін қамтамасыз етеді (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар).